Бұл өмірді теңеймін бір Мұхитқа.. Бұл өмірді теңеймін бір мұхитқа Біз - балықпыз жүзетін сол мұхитта. Түсініп ұға алсаң бұл өмірді Тарихы тамырланған тұңғиыққа. Мұхитта балықтар көп сан - алуан Асқан жыртқыш табылмас акуладан. Сол акула жердегі имансыздар, Пайдасы аса - алмайтын бастарынан. Бірақ жақсы балық бар делфин дейтін, Ешкімге зияндығын келтірмейтін. Сол делфинді теңеймін жақсы адамға, Туған жерім, Отаным, Елім дейтін. Ал ажал біздер үшін қармақ болсын, Әр адам өз өмірін қорғап көрсін. Қанша қорға бірақ та таңдамайды, Іліп алып кетеді кімді болсын. Адамдар ұстап алса балықты егер, Жақсы болса асықпай байыппен жер. Жаман болса сораптап лақтырады, Қызыл тілі салаңдап жейді иттер. Сол секілді бізді ертең сорыптайды, Иманды адам жұмақта тұрақтайды. Ит дегенім - Ібіліс болса егер, Жамандарды тозақта азаптайды. Ілініп кетсек егер біз қармаққа Дайынбызба өмірлік сұрақтарға. Бұл дүниеде көпірден өткенімен О дүниеде қыл көпірден құлап қалма. Өмірді мен мұхитқа теңеп өттім Келеді тағы теңеу айта кеткім. Мұхиттың түбіндегі сары алтындар, Оңайлықпен табылмас Ақыл - білім Сол алтынды іздеп тап сарқылмайтын, Құраннан күш - қуат ал шаршамайтын. Өлу үшін тумадың ойлан шырақ, Артыңа мұра қалдыр таусылмайтын. Автор: ДАУЛЕТ ДАРХАН

Теги других блогов: өмір мұхит балық